Ата-аналар мен балаларға арналған жадынама
ТАУ ӨЗЕНІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕҢЕСТЕР:
- Балаларды су жанында мүлдем қараусыз қалдырмаңыз, тіпті бір сәтке де.
- Балаңызға түсіндіріңіз: тау өзені - ойын ойнайтын жер емес. Судың беті тыныш көрінгенімен, бұл оның қауіпсіз екендігін білдірмейді.
- Тау өзендерінде шомылуға қатаң тыйым салынады! Тіпті таяз ағынның өзі қауіпті болуы мүмкін.
- Баланың аяқ киімі сырғыМамыртын және толық жабық болуы тиіс.
- Жаңбырдан кейін өзен жағасына жақындауға жол бермеңіз - жағалау опырылып кетуі мүмкін.
- Балаңызбен бірге өзеннен жаяу өтпеңіз - ағынның күші ересек адамды да, баланы да алып кетуі мүмкін.
- Ауа райын бақылап отырыңыз: тауда жауған жаңбыр кенеттен су тасқынына алып келуі ықтимал.
- Жаныңызда әрдайым алғашқы медициналық көмек қобдишасы мен қуаты толық байланыс құралы (телефон) болсын - төтенше жағдайларға дайын болыңыз.
- Балаңызға өзіңіз үлгі болыңыз - қауіпсіздік ережелерін алдымен өзіңіз сақтаңыз.
ЕГЕР БАЛА ТАУ ӨЗЕНІНЕ ҚҰЛАП КЕТСЕ - НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
1. Сабыр сақтаңыз
- Алдымен өз-өзіңізді қолға алыңыз.
- Үрейге бой алдырмаңыз - бұл дұрыс шешім қабылдауға кедергі келтіреді.
- Жағдайды бағалап, тез және нақты әрекет етіңіз.
2. Суға ойланбай секірмеңіз
- Тау өзендерінде қатты ағыс, мұздай су және қауіпті тастар болады.
- Дайындықсыз адам баланы құтқармақ түгілі, өз өміріне қауіп төндіреді.
- Тек өз күшіңізге және жағдайға сенімді болсаңыз ғана әрекет етіңіз.
3. Дереу көмек шақырыңыз
- Дауыстап айқайлап, айналаңыздағы адамдардан көмек сұраңыз.
- Біреуден жедел қызметке қоңырау шалуды өтініңіз:
112 - Бірыңғай құтқару қызметі.
4. Баланы көзден таса қылмаңыз
- Бала қай жаққа ағып бара жатқанын бақылап отырыңыз.
- Оқиға орнын және бағытты есте сақтаңыз - бұл құтқарушылар үшін өте маңызды.
5. Қолда бар заттармен көмектесіңіз
- Баланы су бетінде ұстауға көмектесетін кез келген затты лақтырыңыз: құтқару шеңбері, арқан, жилет, ұзын таяқ, киім, бос бөтелке, доп.
6. Баланы судан шығарғаннан кейін
- Су киімдерін шешіп, жылы және құрғақ нәрсемен ораңыз.
- Егер бала қалтырап, бозарып, әлсіреп тұрса - біртіндеп жылытыңыз.
- Егер бала ес-түссіз болса – тыныс алуын және жүрек соғысын тексеріңіз.
- Егер тыныс алмаса - жасанды тыныс пен жүрек массажын жасаңыз (СӨЖ).
- Тіпті сырттай бәрі дұрыс көрінсе де, міндетті түрде жедел жәрдем шақырыңыз.
7. Оқиғадан кейін міндетті түрде дәрігерге қаратыңыз
- Тіпті бала өз-өзін жақсы сезінсе де:
- ішкі жарақат алуы,
- тоңып қалуы,
- немесе кешіктірілген тұншығу (бірнеше сағаттан кейін су өкпеде қалып қоюы) болуы мүмкін
- Сондықтан тексеруден өту — міндетті.
Есте сақтаңыз:
Қаһарман болуға тырыспаңыз - саналы түрде әрекет етіңіз.
Сіздің қауіпсіздігіңіз - балаңызды құтқарудың кепілі.
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ:
- Үлкендерсіз өзенге жақындауға болМамырды.
- Су маңындағы тастардың үстіне секіруге болМамырды - тайып, құлап кетуің мүмкін.
- Су бетіне тас, таяқ немесе басқа да заттарды лақтыруға болМамырды - бұл қауіпті.
- Өзен жағасында ойнауға болМамырды - жаға шайылып, опырылып кетуі мүмкін.
- Егер қандай да бір зат суға түсіп кетсе, оны өз бетіңмен алуға әрекеттенбей, міндетті түрде ересек адамға хабарла.
- Судың жанында жүгірме, айқайлама. Өзен - бұл табиғи нысан, ойын алаңы емес екенін ұмытпа.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ:
Тау өзені - әсем, алайда өте ҚАУІПТІ табиғи орта.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау - өмір мен денсаулықты қорғаудың негізгі кепілі!
Памятка
для родителей и детей
БЕЗОПАСНОСТЬ ВОЗЛЕ ГОРНЫХ РЕК
РЕКОМЕНДАЦИИ ДЛЯ РОДИТЕЛЕЙ:
- Никогда не оставляйте детей без присмотра у воды - даже на минуту.
- Разъясните ребенку, что горная река - это не место для игр. Вода может быть обманчиво спокойной.
- Купание в горной реке запрещено! Даже мелкое течение может быть опасным.
- Убедитесь, что у всех подходящая обувь - нескользящая, с закрытым носом.
- Не позволяйте подходить к краю берега, особенно после дождей - почва может обрушиться.
- Никогда не переходите реку вброд с детьми - течение может сбить с ног.
- Следите за погодой: дождь в горах может вызвать внезапный подъем воды.
- Иметь при себе аптечку и заряженный телефон - на случай экстренной ситуации.
- Личный пример - лучший способ обучения: соблюдайте правила безопасности сами.
Вот улучшенная, структурированная и лаконичная версия памятки для родителей на случай, если ребёнок упал в горную реку:
ЧТО ДЕЛАТЬ, ЕСЛИ РЕБЁНОК УПАЛ В ГОРНУЮ РЕКУ?
1. Сохраняйте самообладание
- Не поддавайтесь панике - она мешает быстро и грамотно действовать.
- Глубоко вдохните и оцените обстановку.
2. Не прыгайте в воду без подготовки
- Горная река - это сильное течение, скользкие камни и холодная вода.
- Неподготовленный человек рискует утонуть вместе с ребёнком.
- Прыгайте только если вы уверены в своих силах и условиях.
3. Немедленно зовите на помощь
- Кричите, зовите людей.
- Пусть кто-то сразу звонит в экстренные службы:
112 - Единый номер спасения.
4. Следите за ребёнком глазами
- Постарайтесь не терять его из виду.
- Отмечайте ориентиры, где он движется по течению — это важно для спасателей.
5. Бросьте средства спасения
Используйте всё, что поможет ребёнку удержаться на поверхности:
- спасательный круг или жилет,
- палка, верёвка,
- пластиковая бутылка, мяч, надувной предмет.
6. Если ребёнка вытащили из воды
- Снимите мокрую одежду, укутайте в тёплое и сухое.
- Постепенно согревайте - особенно при признаках переохлаждения (дрожь, бледность, вялость).
Если без сознания - проверьте дыхание. При его отсутствии начните СЛР (искусственное дыхание + массаж сердца).
- Жсегда вызывайте скорую помощь, даже если с виду всё в порядке.
7. После происшествия - обязательно к врачу!
- Даже при внешнем благополучии могут быть:
- внутренние травмы,
- переохлаждение,
- «вторичное утопление» (через несколько часов!).
Главное:
Не геройствуйте - действуйте разумно.
Ваша безопасность - залог спасения ребёнка.
ПРАВИЛА ДЛЯ ДЕТЕЙ:
- Нельзя подходить к реке без взрослых.
- Не прыгай по камням у воды - можно поскользнуться и упасть.
- Не бросай палки или камни в воду - это опасно.
- Не играй на краю берега - он может обвалиться.
- Если что-то упало в воду - зови взрослого, сам не доставай.
- Не бегай и не кричи возле воды. Помни: река - это природа, а не игровая площадка.
ПОМНИТЕ:
Горная река - это красиво, но ОПАСНО. Только соблюдение правил поможет сохранить здоровье и жизнь!