Спорттық челендж "Алтын сақа" » КГУ "Гимназия №27"
Коммунальное
государственное учреждение
"Гимназия №27"
Управления образования города Алматы
Телефон приемной:
+7(727) 2432630
Телефон бухгалтерии:
+7(727) 2493246
Напишите нам: eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
» » Спорттық челендж "Алтын сақа"
17
ноябрь
2023

Спорттық челендж "Алтын сақа"

«АЛТЫН САҚА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ «Асық ойыны – үлкен халықтық тәрбие. Ұлтымыздың дәстүрі мен мәдениетінің бастауы» Б. Момышұлы Ұлттық ойындар – тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Асық ойыны баланың жүйке-жүйесін қалыптастырады, ой-өрісін және көкжиегін кеңейтеді, мінезін төзімділікке, қозғалысын дәлдікке ептейді, көздің көру қабілетін арттырады. Асықты нысанаға алғанда қан тамырларының жұмысы жақсарады, ал қолға ұстап иіргенде, саусақ пен алақандағы жүйке нүктелері үйкеліске түсіп, ми тынығады. Ойын арнайы орынды талғамайды, үй ішінде, ашық алаңдарда, мектеп, балабақша аулаларында өткізуге болады. 2023 жылғы 17 қараша күні республиканың әрбір елдімекенінің барлық мектептерінде, мектептен тыс ұйымдарында және колледждерінде бір мезгілде «Бес табан», «Бес асық» ойындары ойналады (шамамен ұзақтығы 15 мин). Челлендж республикада алғаш рет өткізіліп отыр және республиканың мәдени өміріндегі бірегей оқиға болып табылады. Челлендж – балалар мен жасөспірімдердің, мұғалімдер мен атааналардың бірлігін нығайту, ұлттық мәдени мұраның озық үлгілерінің бірі болып табылатын ұлттық ойындарды өткізуді дәстүрге енгізу және ұлттық ойындарды насихаттау. Челлендж – еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін, өз еліне, өз ұлтының құндылықтарына, отанына мақтаныш сезімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін, қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген білім алушылардың қызығушылығын арттыратын кең ауқымды республикалық акция. Челлендж – көркемдік-эстетикалық дамудың бір түрі, балалардың, тәрбиешілер мен ата-аналардың шығармашылық жетістіктерін көрсетудің үлкен мүмкіндігі. 5 Челлендж мақсаты – білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау, төл ойындарды дәріптеу. Челлендж міндеті: ұлтымыздың ұлттық ойындарын жаңғырту, құндылықтарын қастерлеу, оқушыларды асық ойынына баулу. Челленджді өткізудің үйлестірушілері: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Челленджді ұйымдастырушылар: жергілікті атқарушы органдар, білім беру ұйымдары. Челленджге қатысушылар: жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары, педагогтері, республиканың барлық елді мекендерінің ата-аналары.



  
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив