Спорттық челендж "Алтын сақа"
«АЛТЫН САҚА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ «Асық ойыны – үлкен халықтық тәрбие. Ұлтымыздың дәстүрі мен мәдениетінің бастауы» Б. Момышұлы Ұлттық ойындар – тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Асық ойыны баланың жүйке-жүйесін қалыптастырады, ой-өрісін және көкжиегін кеңейтеді, мінезін төзімділікке, қозғалысын дәлдікке ептейді, көздің көру қабілетін арттырады. Асықты нысанаға алғанда қан тамырларының