28
декабрь
2023
Ата-аналар мен жасөспірімдерді қолдау әлеуметтік-психологиялық орталығы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті Білім басқармасының басшысын, мектеп психологтарын, Алматы қаласы жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығын сақтау мәселелерімен айналысатын мемлекеттік емес ұйымдар орталықтарының басшыларын тарта отырып ,кездесу өткізді. Дөңгелек үстел барысында 27 және 51 гимназияның тәжірибесі негізінде жасөспірімдердің ата-аналарымен жұмыс істеу және ата-аналарды оқыту топтарын жүргізу бойынша қала әкімдігінің басшылығымен ата-аналар мен жасөспірімдерді қолдаудың қалалық әлеуметтік-психологиялық орталығын құру ұсынылды. Онда барлық мұқтаж жандарға тек мектеп психологтары ғана емес ,сонымен қатар дәрігерлер ,заңгерлер және т.б. консультативтік көмек көрсетіледі. Әкімдіктердің ұсынысы бойынша жіберілген ата-аналар қатарынан "табысты ата-ана" оқыту топтары құрылатын болады ,онда ата-аналар жасөспірім балалармен дұрыс қарым-қатынас жасауды және мінез-құлық пен жаман әдеттердің қалыптасуындағы жағымсыз көріністерден аулақ болуды үйренеді.
Департамент комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной Прокуратуры Республики Казахстан по г Алматы провел встречу с привлечением руководителя управления образования, школьными психологами, руководителями центров не государственных организаций ,занимающимися проблемами сохранения жизни и здоровья подростков г Алматы. В ходе круглого стола ,на основании опыта гимназии 27 и 51,по работе с родителями подростков и ведению обучающих родительских групп ,было предложено создать Городской Социально-психологический Центр поддержки родителей и подростков под руководством Акимата города. В котором будет оказываться консультативная помощь всем нуждающимся ни только школьными психологами ,но и медиками ,юристами и тд. По рекомендации Акиматов, из числа направленных родителей ,будут создаваться обучающие группы «Успешный родитель» ,где родители смогут научиться правильно взаимодействовать с детьми подростками и избежать нежелательных проявлений в поведении и формировании вредных привычек.




